RU

Нұр-Сұлтанда үлкен дауға айналған жерүсті метросы салынып біте ме

Алаяқ1
Фото: sputniknews.kz

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен онлайн-диалог барысында Бақтияр Мәкен жанжалды LRT құрылысы аяқтала ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері бір кездері мемлекет басшысы елордада жерүсті метроны салуды аяқтау туралы бірқатар тапсырма бергенін еске түсірді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жобаны іске асыру кезінде ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізген еді. Осыған байланысты олар қазір билік осы жобаға қатысты қандай шешім қабылдағанын сұрады.

"Оны кім салып бітіреді, аяқтау үшін қанша қосымша қаражат қажет және қашан аяқталады?" – деп сұрады журналистер.

Бұған жауап ретінде Бахтияр Мәкен LRT – бұл үкімет пен астана әкімдігінің бірлескен жобасы, сондықтан үкімет әкімдікпен бірлесіп, оның құрылысын аяқтау үшін қажет шараларды қабылдап жатқанын айтты.

"Бұл жобаны іске асыруы керек болған, бірақ оны жүзеге асырмаған адамдарға қатысты сот ісі басталғанын білесіздер. Біздің халықаралық серіктестерімізбен сөйлесіп жатқанымызды ескерсек, әрі қарай іске асырылатын құрылыс мәселесі әлі де ашық. Бірақ менің ойымша жыл соңына дейін құрылысты қандай инвесторлар аяқтайтыны және бюджеттің қандай болатындығы белгілі болады", – деді ол.

Кейінірек ол "жоба міндетті түрде аяқталады" деп қосты.

"Жоба ауқымды, бұл үлкен қаржылық шығын, сондықтан біз үшін қазір осы пандемиядан шығу маңызды, содан кейін жобаны біздің мемлекетпен бірге жүзеге асырғысы келетін инвесторлармен бірге жүзеге асыру керек", – деп қосты ол.

Айтуынша, іске асыруға дейін олар орнатылған бетон тіректерді бағалау жұмысын жүргізеді.

"Егер ақаулар анықталса, олар жойылады, бірақ олар бұзылмайды. Себебі бұл іс жүзінде мақұлданған жоба. Бұл үлкен шығын, қанша ақша жұмсалды, бірақ бағалау мен талдау жүргізіледі", – деп түйіндеді Мәкен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша елорда әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқа да лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдағаны туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, елордадағы LRT ісі бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазанда өтетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881220-nr-sltanda-lken-dauga-ajnalgan-zersti-metrosy-salynyp-bite-me/