Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері жұмыстан қуылды

Опубликовано:

дәрігер2
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері жұмыстан босатылды деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, эпидиомологтар Ақжар және Мамлют аудандарындағы емханаларда санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтаған. Осының салдарынан 16 медицина қызметкері коронавирусты жұқтырыпты.

Жалпы, пандемия кезінде Қызылжар өңірінде 400 медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

"Қазір медициналық ұйымдарда аурудан сақтану үшін материалдық-техникалық база жағынан барлық жағдай жасалған. Сондықтан дәрігерлер мен медбикелердің коронавирус жұқтыруы бұл тікелей бас дәрігердің кінәсі.

Осыған байланысты орталық ауруханалардың бас дәрігерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Бұның алдында оларда ескерту болған соң, біз бұл кісілермен келісімшартты мүлдем бұздық", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

А. Құрманкин

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты өңірде карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар Есіл ауданының орталығы Явленка ауылы мен Мамлют ауданының орталығы карантинге жабу туралы шешім қабылданғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, СҚО-ның ауданаралық комиссияның шешіміне сәйкес, егер ауылдық жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 3-5 адамнан асса, ал аудан орталығында 7 және одан көп адамнан асса, онда елді мекенде карантиндік шектеулер енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881253-16-kyzmetker-koronavirus-zktyrgan-sko-da-eki-audandyk-auruhanany-bas-drigerleri-zmystan-kuyldy/

pixel