RU

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 164 адам коронавирус жұқтырды

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Елімізде өткен тәулікте тағы 164 адамдның коронавирусқа тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Одан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары келе жатыр.

Соңғы жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңірлердегі эпидемиялогиялық жағдай мынадай:

Нұр-Сұлтан қаласы - 22

Алматы қаласы - 20

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 10

Алматы облысы - 10

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 25

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 10

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 7

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 16

Солтүстік Қазақстан облысы - 10

Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110250.

Айта кетейік, күні кеше Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты қалалықтарға үндеу жасаған болатын.

Оған қоса, Қазақстанда тағы бір қалада карантин шаралары күшейтілді. Балқашта 24 қазаннан бастап, қоғамдық көлік қызметінің жұмысы мен жеке көлікте жүруге шектеулер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881265-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-164-adam-koronavirus-zktyrdy/