RU

COVID-19 белгілері бар пневмония тағы 165 қазақстандықтан анықталды

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Қазақстан республикасы аумағында өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның тағы 165 дерегі тіркелді деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 165 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 52 адам емделіп шықты.

"1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36732, 393 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28442 жетті" , - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елімізде тағы 164 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды.

Оған қоса, күні кеше Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты қалалықтарға үндеу жасаған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанда тағы бір қалада карантин шаралары күшейтілді. Балқашта 24 қазаннан бастап, қоғамдық көлік қызметінің жұмысы мен жеке көлікте жүруге шектеулер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881269-covid-19-belgileri-bar-pnevmonia-tagy-165-kazakstandyktan-anyktaldy/