Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР анықтамасы жоқ тағы бір шетелдік Қазақстаннан депортацияланды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pexels.com

Өткен түні Қазақстанға COVID-19-ға арналған міндетті ПТР анықтамасынсыз ұшып келген тағы бір шетел азаматы өз мемлекетіне депортацияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеше түнде Ақтау әуежайынан ПТР анықтамасы жоқ Ұлыбритания азаматы депортацияланды. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов зінің Facebook парақшасында хабарлады.

Шетелдік коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесінсіз ұшып келгені салдарынан республика аумағына кіруге рұқсат алмаған.

Санитар дәрігердің сөзінше, 24 қазанда түнде Қазақстанға 9 рейспен 1158 жолаушы ұшып келген. Олардың 951-інің анықтамасы болса, қалған 207 қазақстандық ПТР тестілеуден өтпей келген.

Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласына барлығы 471 жолаушысы бар төрт рейс қонған. Елордаға оралғандардың 385-і ПТР нәтижелерімен келсе, 86 азамат анықтамасыз болып шықты. Оңтүстік астана саналатын Алматыға 588 жолаушысы бар төрт рейс ұшып келген. Ақытамасы барлар - 472 адам, ПТР тестінің нәтижелерінсіз оралғандар - 116 азамат. Ақтауға шетелден 99 жолаушыны бір рейс жеткізді. Ұшақ бортындағы 94 азаматтың анықтамасы болса, бес жолаушы тестілеуден өтпей келген.

Аталған рейстермен елге оралған қазақстандықтар Түркия, БАӘ, Беларуссь пен Мысырдан қайтып келген.і белгілі болды. Байғабұловтың айтуынша, мемлекетке анықтамасыз оралған азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Ақтаудағы карантиндік стационарларға ПТР тестін тапсыру үшін орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881283-ptr-anyktamasy-zok-tagy-bir-seteldik-kazakstannan-deportacialandy/

pixel