Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

көліктер
Көрнекі фото: news.1777.ru

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының өзгеруіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша қараша айында қар жауып, боран, екпінді жел соғады, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түседі деп болжануда.

Сондықтан республика жолдарында көлік қозғалысына ерекше назар аудару қажет.

"Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын кезінде жолда көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Мамандар көлік доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер рөлге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы мүмкін дейді. Олар өздерінің ғана емес, жолаушылардың да өміріне қауіп төндіреді.

Осыған байланысты министрлік күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа райы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дабылды ескертулер кезінде ұзақ сапарға шықпаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881304-ttense-zagdajlar-ministrligi-avtoklik-zrgizusilerine-ndeu-zasady/

pixel