RU

Қазақстанда тағы 152 адам коронавирус жұқтырды

ПТР тестілеу ковид1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында – 15,

Алматы қаласында – 20,

Шымкент қаласында – 3,

Ақмола облысында – 12,

Ақтөбе облысында – 1,

Алматы облысында – 12,

Атырау облысында – 5,

Шығыс Қазақстан облысында – 27,

Жамбыл облысында – 4,

Батыс Қазақстан облысында – 8,

Қарағанды облысында – 10,

Қостанай облысында – 6,

Маңғыстау облысында – 6,

Павлодар облысында – 13,

Солтүстік Қазақстан облысында – 9,

Түркістан облысында - 1 жаңа науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 402 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы алдағы айларда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай аса ауыр болатынын ескерткен еді. Ұйым өкілдері қараша айында жедел оқиғалар орын алып жатса, кейбір вакциналарды ұсыну мүмкін екенін жоққа шығармады.

Тедрос Адхан Гебрейесустың бұл болжамдарына көптеген мемлекеттердегі инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің күрт өсуі себеп болса керек. Оның сөзінше, мұндай жағдай жақында денсаулық сақтау саласындағы ресурстардың тапшылығына әкеп соқтыру мүмкін.

Сондай-ақ бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан ұшатын халықаралық рейстердің кестесін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881328-kazakstanda-tagy-152-adam-koronavirus-zktyrdy/