Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте 52 адам коронавирустан емделіп шықты

Опубликовано:

тест сынамасы 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте тағы 52 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 52 адам коронавирус індетінен жазылып шықты.

Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

Ақтөбе облысында – 1,

Атырау облысында – 3,

Қарағанды облысында – 15,

Павлодар облысында – 5,

Солтүстік Қазақстан облысында – 23,

Түркістан облысында – 5 науқас аурудан айықты.

Жалпы республика бойынша қауіпті вирустан жазылғандар саны 105 618 адамға жетті.

Сондай-ақ Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 402 адамға жетіп отыр.

Бұдан бөлек, елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелгенін хабарлағанбыз.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы алдағы айларда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай аса ауыр болатынын ескерткен еді. Ұйым өкілдері қараша айында жедел оқиғалар орын алып жатса, кейбір вакциналарды ұсыну мүмкін екенін жоққа шығармады.

Тедрос Адхан Гебрейесустың бұл болжамдарына көптеген мемлекеттердегі инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің күрт өсуі себеп болса керек. Оның сөзінше, мұндай жағдай жақында денсаулық сақтау саласындағы ресурстардың тапшылығына әкеп соқтыру мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881339-kazakstanda-bir-tulikte-52-adam-koronavirustan-emdelip-sykty/

pixel