Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Алматы кафе өрт
Оқиға орнынан фото: Instagram.com/almaty_tjd

24 қазанда оңтүстік астанада өрт сөндipушiлер Сейфуллин даңғылының бойындағы жанып жатқан дәмханадан адамдарды құтқарып алды. Бұл туралы Алматы ТЖД Instagram парақшасында мәлім болды.

Департаменттің мәліметінше, 24 қазан күні сағат 17:14-те ТЖД күштері Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 404-үй мекенжайына жiберiлген.

Оқиға орнына келген қызметкерлер "Қазына" кафесінiң түскi ac iшетiн залы, шатыры мен жабындысы жанып жатқанын анықтады. 200 шаршы метр аумақты жалын шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері дәмхана келушiлерiнiң өмipлерiне қауiп төнгенін мәлім етті. Жалын тез жайылып, жақын орналасқан қонақ үйдiң ғимаратына таралу қаупi туындаған. Оқиға орнында жедел штаб орналастырылды. Өрттi cөндipy үшiн екi учаске құрылып, 6 газ түтiнінен қорғау қызметi жұмылдырылған.

Дәмхана мен қонақ үйден 8 адам құтқарылып, 20 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлерi өрт периметрiн қоршап, Сейфуллин даңғылында автокөлiктердiң жүруiне шектеу қойды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 35 минутта ауыздықталып, 17 сағат 58 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Екi қабатты қонақ үй мен дәмхана ғимаратының 80 пайызы өрттен қорғалды.

Айта кетейік, жақында Теміртауда зауыттан шыққан қою түтін тұрғындардың зәресін ұшырған болатын.

Кейіннен бұл жағдайға "АрселорМиталл Теміртаудың" баспасөз қызметі пікір білдірді. Компанияның мәліметінше, қоймалардың бірінде өрт шыққан.

Сондай-ақ бұған дейін Өскемендегі жарылыс дыбыстары тұрғындардың зәресін ұшырғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881348-almatydagy-kafelerdi-birinde-rt-sykty-video/

pixel