RU

Алматы – Бішкек тас жолында жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды (фото)

жол апаты нур
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы – Бішкек тас жолының 130-шақырымында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Toyota мен Audi автокөліктерінің соқтығысуынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz.

Неміс автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытта Алматы қаласына қарай келе жатқанын жеткізді. Айтуынша, бір сәтте оның қарсы алдынан Toyota Alphard автокөлігі шыға келген.

жол апаты алматы-бішкек 1
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Соққыдан оның көлігі айналып, қарама-қарсы жолдың жиегіне шығып кеткен. Ал жапондық минивэн шұңқырға түсіп, бірнеше рет аударылған.

жол апаты алматы-бішкек 2
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Куәгерлер жол-көлік оқиғасының қатысушыларына көмек көрсетіп, жедел жәрдем мен полицияны шақырған.

жол апаты алматы-бішкек 3
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері минивэн жүргізушісі мен сол көлікте отырған екі жолаушының өлімін тіркеді. Toyota автокөлігінің тағы 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

жол апаты алматы-бішкек 4
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Audi жүргізушісі мен жолаушылары аман. Жол апатының мән-жайы анықталуда.

жол апаты алматы-бішкек 5
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

жол апаты алматы-бішкек 6
Оқиға орнынан фото: zakon.kz

Айта кетейік, жақында Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының өзгеруіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берген еді.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда мас күйінде жол апатын жасаған көлік жүргізушісінің қамауға алынғанын хабарлағанбыз.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, “Honda” көлігінің жүргізушісі Қабанбай көшесімен шығысқа қарай бара жатып, жол бойымен келе жатқан “ВАЗ” автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер жол апатына себепкер болған азаматты патрульдік экипаж сот-наркологиялық сараптамаға алып кетті. Нәтижесінде ер адамның көлікті мас күйде жүргізгені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881362-almaty---biskek-tas-zolynda-zol-apatynan-zrgizusi-men-eki-zolausy-kz-zmdy-foto/