RU

Минскіде жүз мыңдаған адам наразылық акциясына шықты

Минскідегі жүз мыңдаған адам наразылық акциясына шықты
Фото: Stringer\TASS via Getty Images

Өткен жексенбіде, 25 қазанда Беларусь астанасында рұқсат етілмеген митингтер өтті, нәтижесінде шамамен 120 адам ұсталды деп хабарлады "Беларусь 1" телеарнасы.

Минск қалалық милициясының басшысы Иван Кубраковтың айтуынша, тәртіп сақшылары жағдайды бақылауда ұстады.

Ол наразылық білдірушілер Беларусьтің туы орнатылған алаңға кіріп өтпек болғанын, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар мен қызметтік көліктерге тас лақтыра бастағанын атап өтті.

Оларға қарсы физикалық күш пен арнайы құрал-жабдықтар қолданылды.

Минскідегі жүз мыңдаған адам наразылық акциясына шықты
Фото: Stringer\TASS via Getty Images
"Бүгін ел астанасында кезекті рет рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шаралар өтті. Елордада агрессивті және белсенді наразылық білдірушілер жиналған. Олардың мақсаты бір болды – Минск қаласының орталығын, дәлірек айтсақ, Тәуелсіздік даңғылы және барлық алаңдарды басып алу. Алайда, наразылық білдірушілердің жоспарлары орындалмады", – деді Иван Кубраков.

Полиция тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушыларын, шамамен 120 адамды ұстағаны белгілі болды.

БЕЛТА Telegram арнасы Минскіде түнде наразылық білдірушілер жолдарда дөңгелектерді өртей бастағанын жазады. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді.

Еске салсақ, биыл Беларусьте өткен президент сайлауына түсіп, екінші орын алған саясаткер Светлана Тихановская елдің қазіргі басшысы Александр Лукашенкоға ультиматут қойып, оған 13 күн уақыт берген болатын.

Сондай-ақ Беларусь президенті өзін жасырын түрде инаугурация өткізді деп айыптағандарға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881394-minskide-zz-mydagan-adam-narazylyk-akciasyna-sykty/