RU

"Құшақтаса жүрегім айниды": Өз күйеуінен жиіркенетін әйел сырын ақтарды

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: ru.freepok.com

Тұрмысқа шыққанына екі жыл болған келіншек жан сырын ақтарды. Сүйіктісінің салақтығынан шаршаған ол, тіпті, азаматына түнде жақындағысы келмейді екен деп жазады "Сырласу" басылымы.

"Күйеуіммен бес жыл қыз-жігіт болып жүрдік. Арада ұрыс-керіс те, қызғаныш та, қызбалық та болды. Десе де, бір-бірімізді сүйгеніміз сонша, барлығына төзіп, мінезімізді түзетуге, күннен күнге жақсы жаққа өзгеруге тырысатынбыз. Мен жоғарғы оқу орнын тәмамдаған жылы екеуіміз отбасын құрдық.

Биыл некемізге туп-тура екі жыл толды. Менің басымдағы мәселе біреуге күлкілі болып көруінуі мүмкін, біреу мені еріккен деп те ойлар.  Алайда мен бұған ары қарай төзіп жүре алмайтынымды түсіндім…

Күйеуім өте сымбатты, көптің жүрегін жаулай алатын сері жігіт десем артық айтпаспын. Бойдақ күнінде қыз-қырқын айналасынан шықпайтын. Енді сол жан-жарымды бүгін мүлде танымай келемін. Қашан қарасаң, үсті-басы кір-қожалақ.

Бір-екі рет киген киімін де жуғызбай, ашуланып шығады. Өзі де апталап жуынбайтынды шығарды. Оған бұл туралы бірнеше рет қайталап айттым. Онымен бір жерге бірге баруға ұяламын. Тіпті, сырттағы адамдар, әріптестері ол туралы, мен туралы не ойлайды екен деп тағы уайымдаймын.

Күндіз-түні жұмыстан бас алмағандықтан  жуынуға уақыт таппайтын адам да емес. Қолы босай қалса төсектің бұрышына барып, қисая кетеді. Ұятта болса айтайын, жұбайыммен түнде жақындасқым келмейді. Белімнен құшақтап, жаныма жата қалса, жүрегім айнып, қашқақтай бастаймын.

Күйеуіме оның жалқаулығының орынсыз екенін, үнемі таза жүруге тырысуы керектігін айтып жүремін. Алайда ол: “Сені алып алдым ғой. Енді кім үшін өз-өзімді күтуім керек?” , – дейді. Мұны естіп, тіпті, абдырап қалдым. Таңдаған жарымның таяз ойлы жігіт екенін мүлде білмеппін. Басында осындай мәселесі бар қыз-келіншектер бар ма екен? Күйеуімді қалай өзгерте аламын?",- деп ағынан жарылды келіншек.

Айта кетейік, осыған дейін nұрмысқа пәк болып шықcа да, жарынан зәбір көріп жүрген әйел мұңын шаққан еді. Айтуынша, азамат жұбайының адалдығына әлі де күмән келтіретін көрінеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1881406-ksaktasa-zregim-ajnidy-z-kjeuinen-ziirkenetin-jel-syryn-aktardy/