RU

Хабиб Нурмагомедовтың соңғы жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи
Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

Ресей чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың қанша ақша тапқаны белгілі болды. Сопртшының UFC лигасы аясындағы соңғы жекпе-жегі 29-шы жеңісімен аяқталды.

Соңғы жекпе-жегінде Хабиб шамамен 6 миллион доллар тапқан. Бұл сомадан бөлек, ресейлікке жекпе-жек үшін бонустар, сондай-ақ жеке ақылы трансляциялар сатылымының пайызы және басқа демеушілік төлемдер төленген, деп хабарлайды The Sun.

Оның қарсыласы Джастин Гэтжи, британдық таблоид журналистерінің есебі бойынша, шамамен 400 мың доллар алады.

Сонымен қатар, Sportekz.com сайтының хабарлауынша, Хабиб өзінің жекпе-жегінен 3 миллион және 90 мың доллар ұтып алған, оның 3 миллионы кепілдендірілген төлемдер, қалған 90 мыңы промоушн бонустары мен өнер көрсеткені үшін түскен бонустар.

Гаэтжи, осы мәліметтер бойынша, жекпе-жек үшін 630 мың доллар тапқан, мұндағы 600 мың – октагонға шыққаны үшін төленген сома, тағы 30 мыңы – бонустар.

Еске салсақ, Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңген болатын.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді.

Осылайша америкалық Джастин Гэтжи UFC-де үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Бұған дейін ол 22 мәрте жеңіске жеткен, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Оған қоса, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен өткізген жекпе-жегінен кейін спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1881429-habib-nurmagomedovty-sogy-zekpe-zekten-kansa-aksa-tapkany-belgili-boldy/