RU

Әуежайдан қашқан шенеуніктің ПТР тест нәтижесін санитар дәрігер анықтады

Дәрігер1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен мемлекеттік қызметкер мен оның әйелінде коронавирус расталмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Көліктегі бас дәрігер Садуақас Байғабұловқа сілтеме жасап.

Байғабұловтың айтуы бойынша, әуежайдан қашқан ерлі-зайыптылар коронавирустың ПТР-сынағынан өтіп, олардың дені сау екендігі, яғни коронавирус жұқтырмағаны расталды.

Еске салсақ, бұған дейін Мысырдан келген екі қазақстандықтың Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткенін хабарланған болатын. Азаматтарда ПТР анықтама болмағандықтан, олар коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруы керек еді.

Алайда ер адам мен келіншек арнайы автобусқа отырғызу басталған кезде әуежайдан қашып кеткен.

Кейінірек Байғабылов толығырақ мәлімет берді. Полиция қашқындардың қайда екенін анықтаған. Ерлі-зайыптылар карантин станционарына жеткізіліп, оларға айыппұл салынған.

Көліктегі бас санитардың ақпаратынша, әуежайдан қашқан ер адам Қазақстанның ИИДМ қызметкері болып шыққан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір ішкі тергеу басталған. Мамандар ер адамның кім екенін, оның расымен де министрлікте жұмыс істейтін-істемейтінін анықтап жатыр. Ер адам жұмыс орнына жалған ақпарат беруі немесе министрліктің бұрынғы қызметкері болуы да мүмкін екені айтылды.

Оған қоса, шенеунік былтырдан бері ведомствода сарапшы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881465-uezajdan-kaskan-seneunikti-ptr-test-ntizesin-sanitar-driger-anyktady/