RU

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылады: Санитарлық дәрігер жауап берді

кинотеатр жұмысы
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада кинотеатрлар ашу мүмкіндігін қала билігі қандай жағдайда қарастыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанна Пірәлиева егер Нұр-Сұлтан 14 күн бойы жасыл аймақта болса, қала билігі жеңілдіктердің келесі кезеңін енгізу, оның ішінде кинотеатрлар ашу мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті. Айтуынша, елорда жасыл аймақта бүгін оныншы күн.

Сонымен қатар, қалада коронавирус инфекциясының жұқтыру жағдайларының өсуі байқалады.

"Қалада аурудың өсуі байқалады: егер өткен аптада 68 болса, осы аптада 125, яғни 1,6 есе жоғары. Аурудың өсуі ересектер арасында да, балалар арасында да байқалуда. Ауырған оқушылардың арасында қашықтан оқитындар, кезекші сыныптарда оқитындар да бар. Импорттық жағдайлар да тіркелді. Ресейден және Қазақстанның басқа өңірлерінен адамдар көшіп - қонып, жұмыс істеу үшін еліміздің басқа қалаларына, туған-туыстарына қонаққа барады. 25-і күні 7 импортталған жағдай болды, олардың үшеуі Ресейден, қалғандары республика ішінде", - деді маман.

Ол билік неге әлі кинотетар ашпай жатқанын түсіндірді. Санитар дәрігердің сөзінше, бұған балалар арасында коронавирус тарау қаупінің жоғары болуы себеп.

"Кинотеатрларға балалар барады емес пе? Сондықтн, біз тәуекелге барып, қазір кинотетар ашуға рұқсат бере алмаймыз. Бәрі күтіп отыр, қалап отыр, бұл жағдай орын алатынын білемін. Балалар мектепке емес, кинотеатрға барады. Олар ата-анасымен барады дегенге сенімді емеспін. Жарық өшеді, олар санитарлық нормаларды ұстанбайды. Біз оларды бақылап тұра алмаймыз. Содан балалар арасында коронавирус көбейеді",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881477-nr-sltanda-kinoteatrlar-kasan-asylady-sanitarlyk-driger-zauap-berdi/