Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тюлеевтің отставкасын талап еткен белгісіз адамдар Бішкек әкімдігін қоршап алды (видео)

Опубликовано:

Бішкек әкімдігінің алды
Видеодағы кадр: youtube.com/24kg

Бішкек әкімдігіне жүзге жуық белгісіз адам жиналды. Олар қала басшысы міндетін атқаратын Нариман Тюлеевтің отставкаға кетуін талап етті деп хабарлайды 24.kg.

Нариман Тюлеевтің кетуін талап еткен адамдар Қырғызстан астанасы әкімдігі ғимаратының жанына жиналды.

Олар: "Нариман, егер қазір шықпасаң, өзіміз кіреміз. Бізге жастар керек" деген айқайға басқан.

Айта кетсек, Нариман Тюлеев Бішкек әкімінің міндетін атқарушы қызметіне 20 қазанда кіріскен.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден соң ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Сондай-ақ парламент отырысында депутат әрі Қырғызстан Конституциясы авторларының бірі Өмірбек Текебаев Садыр Жапаровтың алдағы президенттік сайлауға түсе алмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан еді.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

Ал кейін парламент сайлауы кейінге шегерілгені, президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881484-tuleevti-otstavkasyn-talap-etken-belgisiz-adamdar-biskek-kimdigi-korsap-aldy-video/

pixel