Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 21 жастағы жігіттің басына оқ тиді

Опубликовано:

Қару
Фото: pixabay.com

Талдықорғанда 21 жастағы жігіт басынан оқ жарақатын алды. Полицейлер қарудан оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады деп жазады polisia.kz.

Ұсталған күдіктіден пневматикалық тапанша тәркіленді.

Белгілі болғандай, Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданында төбелес шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын емханаға жеткізілген.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді. Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында оқ атқан күдіктіні бір сағаттың ішінде анықтап, ұстады.

Күдікті - Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Жігіт оқты бұзақылық ниетпен атқанын және өз ісіне қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық емханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған. Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін біз Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар 30 жастағы әйелдің денесі табылғанын жазған едік.

Одан бөлек, Шымкентте пәтерлердің бірінен 20 жастағы қыздың денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Адам өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігіт қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881576-almaty-oblysynda-21-zastagy-zigitti-basyna-ok-atyldy/