RU

Түркістан қаласының тұрғындары әлі күнге дейін жылусыз отыр

Жылу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан қаласының тұрғындары ауа райы салқындаса да, әлі күнге дейін жылусыз отырғандарына шағымданды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Тұрғындардың сөзіне сенсек, көп қабатты үйде мыңдаған жылусыз қалған. Күннің суығында жылу іздеген жұртшылық әкімдіктен бір көмек болса дейді.

"Бұл жылда қайталанатын мәселе. Бірінші жыл емес. Біз әкімдікке барамыз. Әкімдікке барған кезде қыстың өзінде жылуды зорға береді. Күн жылыса, түнге қарай тіпті өшіріп тастайды. Ал ақшасын жинаған кезде түгелімен алып алады. Мен жылда қосмыша жылытқыш қойып отырамын. Неге мен инвалид кемпір, инвалид баламен екі рет төлеуім керек?", - дейді тұрғын Күлзейнеп Құлымбетова.

бқған қатысты Түркістан қаласының шенеуніктері пікір білдірді.

"Бізде ҚР құрылыс нормасы бойынша Түркістан қаласы 149 күн жылу жүйесі берілген. Жылда қараша айының бірінші жұлдызынан 1 сәуіріне дейін жылу энергиясын береміз. Одан бөлек, бізде ҚР-ның энергетика министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы 211-ші бұйрығында осылай жазылған. Нақты 28 қазан күні беріледі", - дейді Қалалық "Жылу" мекемесінің басшысы Ерғазы Рысбеков.

Рысбеков қысты күннің өзінде де жылуды өшіріп тастайды деп айтқан тұрғынның шағымына да жауап берді.

"Жылуды өшірмейді. Жылу маусымы кезінде сыртқы ауа-райы температурасына қарай жылу беріледі", - дейді ол.

А. Мүтәлі

Еске салсақ, бұған дейін біз синоптиктер еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жариялағанын жазған едік.

Одан бөлек, Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881597-trkistan-kalasyny-trgyndary-li-knge-dejin-zylusyz-otyr/