Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 20 жастағы жігіт 12 күннен бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Жігіт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында 20 жастағы жігітті жақындары 12 күннен бері іздеуде деп жазады alau.kz.

2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Ганя Олег Викторовичке іздеу салынуда. Ол 15 қазан күні Бағаналы ауылындағы үйінен И.Павлов атындағы ауылға шыққан күйі хабарсыз кеткен. Болжам бойынша, жігіт Қостанай қаласында болуы мүмкін.

Ерекше белгілері: бойы 175 сантиметр, орта денелі, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Көк түсті камуфляж костюмін киіп шыққан.

Жоғалған адамның орналасқан жері туралы кез келген ақпаратқа ие адамдар болса, 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Олег
Фото: alau.kz

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда еріктілер жеті жасар тастанды баланың анасын іздеп жатқанын жазған едік. Осы күнге дейін құжатсыз өмір сүріп жатқан балаға туу туралы куәлікті алу қиынға соғып отыр.

Одан бөлек, Қылмыс әлемінде "Жабайы Арман" лақап атымен танылған қазақстандық Арман Жұмагелдиев "Боратқа" іздеу салғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің денесі 20 күннен кейін Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылғанын жазған едік. Жабайы аң-құстар әбден талап тастаған денені туыстары әрең таныпты. Алайда криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881602-kostanajda-20-zastagy-zigit-12-knnen-beri-tabylmaj-zatyr-foto/

pixel