RU

Ақтөбе облысының әкімі айына қанша жалақы алатынын айтты

Оңдасын Оразалин
Оңдасын Оразалин. Фото: azh.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жалақысының мөлшерін жариялап, отбасы иелігінде не бар екенін айтты. Аймақ басшысымен болған сұхбат "Диапазон" басылымында жарық көрді.

Облыс әкімі аударымдар мен салықтарды алып тастағанда айлық табысы 775 106 теңгені құрайтынын айтады.

Оңдасын Оразалин шенеуніктердің табысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі мен қызметтік жалақыға байланысты екенін атап өтті.

Облыс әкімінің жұмыс өтілі 20 жылдан астам.

Сонымен қатар Оңдасын Оразалин сұхбат барысында анасы және әйелімен бірге үлкен үйдегі жақсы пәтерде тұратынын айтты.

Үй 20 жыл бұрын олардың өз жобасы мен дизайны бойынша салынған. Осы уақытқа дейін әкімінің отбасымен бір үйде жақсы көршілер тұрады екен.

Аймақ басшысының Нұр-Сұлтанда тұратын үш ересек баласы мен немересі бар.

"Балалардың өзінің пәтері мен көлігі де бар. Қажетті атрибуттар, біз бұлардан фетиш жасамаймыз, бұл өмір сүруге қажет", – дейді Ақтөбе облысының әкімі.

Сонымен бірге басылым Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың айына қанша жалақы алатынын жариялады. Басылымның мәліметінше, оның айлық табысы 380 мың теңге.

Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қала және облыс әкімдері, атап айтқанда, Павлодар, Орал, Атырау қаласы әкімдері жалақы мөлшерін жария еткен болатын.

Оған қоса, Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Қазақстанның судьяларының айлығы қанша екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев да айына қанша жалақы алатынын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881622-aktbe-oblysyny-kimi-ajyna-kansa-zalaky-alatynyn-ajtty/