Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бортына ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды отырғызған әуе компаниялары жазалануы мүмкін

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды өз әуе кемесіне отырғызатын авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байғабылов 26 ​​қазанда көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына түзетулер енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес жолаушыларда ПТР анықтама болмаған жағдайда халықаралық рейстерге жіберілмейді.

Сондықтан 2020 жылдың 27 қазанынан бастап, Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін барлық адамдарда ПТР анықтама болуы керек.

"Алайда әуе компаниялары ұшақ бортына жөнелтуші елдерден ПТР анықтамасы жоқ 42 жолаушыны қабылдаған, олар бүгін түнде келді. Осы жағдайды ескере отырып, бұл жолаушылар ПТР-тесттен өтуі үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі күндік карантинге алынды.

Белгіленген шектеулерді орындамаған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылатын болады", - дейді көліктегі бас сантир дәрігер.

Айта кеткен жөн, Мысырдан, Түркиядан және Оңтүстік Кореядан келген жолаушылардың 96 пайызында немесе 1002-інде ПТР анықтама болған.

"ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама қағаз түрінде де, электронды түрде де жарамды. Анықтама берілген күннен бастап мемлекеттік шекарадан өткенге дейін 3 күннен аспайтын мерзімде жарамды", - деп қосты Сәдуақас Байғабылов.

Еске сала кетейік, Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты жағдай нашар елдермен әуе рейстерінің санын қысқартатынын хабарлаған едік.

Кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер саны қалай қысқаратынын түсіндіріп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881652-bortyna-ptr-anyktamasy-zok-zolausylardy-otyrgyzgan-ue-kompanialary-zazalanuy-mmkin/