Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 қазаннан бастап қаулы күшіне енеді: Ресей коронавируспен күресті күшейтті

Опубликовано:

Бетперде таққан адамдар
Көрнекі фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы саласындағы қадағалау жөніндегі федеральдық қызметі ресейліктерге адамдар көп жиналатын жерлерде, көлікте, автотұрақтарда және лифттерде маска тағуды міндеттеді деп хабарлайды РИА Новости.

Қаулы 28 қазаннан бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ, ведомство сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық шараларына және дәмханалар жұмысына тыйым салды. Көлікте, таксиде, дүкендерде, мейрамханалар мен театрларда дезинфекция режимі күшейтілуі керек.

Аймақтарға 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирусқа кемінде 150 зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Сонымен бірге аймақтардың өзіндік шектеулері бар.

Ел астанасындағы жағдай қиын, мәскеуліктерден маска мен қолғап режимін сақтау талап етіледі, кейбір қызметкерлер мен мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті, зейнеткерлер мен созылмалы аурулары бар адамдарға мүмкіндігінше үйде отыру ұсынылды.

Пандемия әлем бойынша барлық дерлік елдерді қамтыды, 42,7 миллионнан астам адам ауру жұқтырды, 1,1 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Ресей коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша төртінші орында тұр. Елде бір жарым миллионнан астам жұқпалы ауру анықталды, олардың 1,15 миллионға жуығы емделіп, 26 мыңнан астамы қайтыс болды.

Ал, Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ 22 қазаннан бастап Оралда қосымша карантиндік шектеу шаралары енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881683-28-kazannan-bastap-kauly-ksine-enedi-resej-koronaviruspen-kresti-ksejtti/

pixel