Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Car City сауда үйінің жанында ірі өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы Car City сауда үйінің жанында ірі өрт шықты (видео)
Видеодағы кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматылықтар Car City сауда үйінің жанында түсірілген видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр: онда ірі өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан Төле би мен Ясауи көшелерінің қиылысында орналасқан сауда орталығының жанында орналасқан ангардың өртенгені белгілі болды.

Төтенше жағдай болған жерден түсірілген видеолар Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Пікірлерде адамдар түтін қаланың басқа бөліктерінен де көрінеді деп жазды.

NUR.KZ редакциясы Алматы қаласы ТЖД-дан оқиғаға қатысты түсініктеме беруін сұрады.

Өрт сөндірушілер ангардағы өртті ауыздықтауда
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіру үшін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12:56-да Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жөнелтілді.

Оқиға орнына жеткенде техникалық қызмет көрсету станциясы орналасқан ангар типіндегі жеке тұрған ғимарат өртеніп жатты.

Қуанышқа орай, жалынның басқа ғимараттарға таралу қаупі болған жоқ.

Өрт сөндірушілер ангардағы өртті ауыздықтауда
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Сондай-ақ өрт шыққан жерден әрқайсысы 25 литрлік 2 газ баллонының шығарылғаны хабарланды. Мамандарға ангар ішінде жанғыш сұйықтық сақталған контейнердің болуы туралы хабарлама келіп түсті, ол сағат 13:21-де жарылған.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында жеке құрамның 60 қызметкері жұмыс істеді, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, сондай-ақ 13 бірлік арнайы техника бар.

Қалың түтін мен жоғары температура жағдайында өрттің шығу көзін анықтау үшін газ бен түтіннен қорғау қызметі ангардың ішіне кірді.

Өрт сағат 13:58-де сөндірілді, оны сөндіруге 55 минут уақыт кетті.

Ескерту! Видеоларда бейәдеп сөздер колданылған.

Еске салсақ, 24 қазанда оңтүстік астанада өрт сөндipушiлер Сейфуллин даңғылының бойындағы жанып жатқан дәмханадан адамдарды құтқарып алған болатын.

Оған қоса, Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881696-almatydagy-car-city-sauda-jini-zanynda-iri-rt-sykty-video/

pixel