Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пакетпен тұншықтырды": Алматыда экс-күйеуі 22 жастағы әйелді таңға дейін зорлаған

Опубликовано:

Зорлау
Көрнекі фото: ktk.kz

"НеМолчиKZ" қорында тағы бір зәбір көрген келіншек жайлы белгілі болды. Қоғам белсенділерінің сөзінше, ерлі-зайыптылар Қызылорда облысында тұрған. Жеті ай бойы азамат азаматтық некедегі жарын мазақ етіп, құлдықта ұстаған. Кейіннен келіншек Алматыға қашып кеткенімен, экс-жары оны оңтүстік астанадан да тауып алыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл оқиғаның мән-жайы қоғамдық қордың Facebook парақшасында баяндалған. Жеті ай бойы жұбайынан қорлық көрген нәзік жанды Алматыға қашып кеткен екен. Оның оңтүстік астанаға жол тартуына құрбысы көмектесіпті. Осылайша, сиыр саууы тиіс болған келіншек жолға шығып, такси ұстап, автовокзалға бет алған. Онда құрбысы келгенше бірнеше сағат дәретханада жасырынып отырған. Ал Алматыға тамыз айында келіп жетіпті.

Алайда, 18 қыркүйек күні бұрынғы күйеуі тағы да өзін еске салады. Қоғам белсенділерінің сөзінше, ол Алматыда әйелдің барлық таныстары мен туыстарын аралап, қорқытып, кездесуді талап етеді. Ал кешке азамат келіншекті алдап, жалдамалы пәтерге әкеліп, аяқ-қолын байлап тастайды.

"Ол мені қой сияқты бауыздап, басымды Қызылорда алып кетемін деді",- дейді қоғам белсенділерімен хабарлама арқылы сөйлескен әйел.

Кейіннен, жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі тамағына пышақ тақап, пластикалық пакетпен бірнеше рет тұншықтырған. Артынша жатын бөлмеге апарып, төсекке лақтырып, таңға дейін зорлаған.

Азамат оқиғаның барлығын видеоға түсірген. Ал біреуге айтқан жағдайда жанұясын өлтіретінін айтқан. Келіншектің сөзінше, ол ғажайыптың көмегімен құтылып шығып, полицияға арыздана алған.

Қоғам белсенділері әйел көптеген жарақат аланын, денесінің бәрі көгеріп, қабырғалары сынғанын айтады.

Қор жазбасына сәйкес, азамат ұсталған. Одан зорлаудың дәлелдері бар телефон да анықталыпты. Видеоны көргеннен кейін құқыққорғаушылар қылмыстық іс бастаған. Алайда, кейінірек азаматты босатып, ұялы телефонын қайтарып беріпті.

Қоғам белсенділері Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығынан аталған істің тергеу барысын бақылауға алуды сұрады. ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмалы ауылдық полиция басқармасына 22 жастағы әйел жүгінген. Ол 27 жастағы азаат өзіне қорлық көрсеткенін айтқан.

Факт "Сексуалды сипаттағы зоорлық әрекеттер" бабы бойынша тіркелді. Азаматтан жауап алынды. Ол жыныстық зорлықты теріске шығарып, осыған дейін жеті ай бойы арыз жазушы әйелмен бірге тұрғанын айтыпты. Қазір сараптамалар тағайындалған екен. Сараптама нәтижесіне сәйкес, соңғы процессуалдық шешім қабылданбақ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда таныстары 33 жастағы әйелді аяусыз зорлап, видеоға түсіріп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881722-paketpen-tnsyktyrdy-almatyda-eks-kjeui-22-zastagy-jeldi-taga-dejin-zorlagan/

pixel