Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы атышулы қонақ үй карантинге "пысқырмай" жаңа жыл кешін өткізбекші

Опубликовано:

жаңа жыл
Көрнекі фото: www.cosmo.ru

Ақтаудағы атышулы бес жұлдызды қонақ үй карантинге қарамастан жаңа жыл мерекесін дүркіретіп өткізбек. Жаңа жыл кешіне ресейлік танымал әртістер шақырылған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Тамыз айында санитарлық дәрігерлерді кіргізбей қойған Ақтаудағы қонақ үй карантинге қарамастан жаңа жыл мерекесіне орай 24 желтоқсан мен 10 қаңтарға дейін түрлі іс-шараны ойластырып қойған. Қонақ үйдің желідегі ресми парақшасында осындай ақпарат пайда болды.

Хабарландырудағы мәліметтерге қарағанда ең басты кештің жүргізушісі атақты ресейлік рэпер Тимати болмақ. Сондай-ақ басқа да танымал жұлдыздар шақырылған.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жаңа жыл кешін осы қонақ үйде қарсы алу қомақты қаражатты қажет етеді. 31 желтоқсанда өтетін кешкі шоуға кіру құны 250 мың - 500 мың теңге аралығында. Баға қонақтың таңдаған ас мәзіріне байланысты. Қонақ үй талабы бойынша гала-шоуға билет алғандар кем дегенде бес түнге нөмір алуы міндетті. Сайттағы ақпаратқа сәйкес ол шамамен екі кісілік нөмірге 875 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап екі аптаға карантин талаптарын күшейді. Облыстың бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдай қиындаса шектеу шараларын қатаңдататынын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881727-aktaudagy-atysuly-konak-j-karantinge-pyskyrmaj-zaa-zyl-kesin-drkiretip-tkizbek/

pixel