Қазақстанда бір аптада коронавирустан қанша адам қайтыс болды
Опубликовано:

Қазақстанда бір аптада (19 қазаннан 25 қазанға дейін) коронавирус инфекциясының асқынуынан 29 адам қайтыс болған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram арнасында жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысында - 18;
1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,
1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйел адамдар.
Батыс Қазақстан облысында - 4;
1940, 1955 жылғы ер адамдар,
1937, 1945 жылғы әйел адамдар.
Алматы қаласы - 4;
1963 жылғы ер адам,
1962, 1947, 1949 жылғы әйел адамдар.
Атырау облысында -2;
1940, 1936, жылғы әйел адамдар.
Қостанай облысында - 1;
1953 жылғы ер адам.
Қазақстанда COVID-19 салдарынан барлығы 1 825 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, енді көзбе-көз өтетін жиналыстар мен отырыстарға қатысатын адамдардан коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама талап етіледі. Анықтама мерзімі үш тәуліктен асып кетпеуі тиіс.
Осы және өзге де ережелер Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы" қаулысына қосымша құжатта жазылған.
Оған сәйкес, көзбе-көз форматта өтетін отырыстарға қатысатындарда өзімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама болуы тиіс. Сонымен қатар, олар жиналыстың соңына дейін респираторлық медициналық маска киюге және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға міндетті.
Бұдан бөлек, қатысушыларға бір-бірімен қол алысуға қатаң тыйым салынады.
Жиын өтетін бөлмелерде желдету жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс.
Ғимаратқа кірер кезде азаматтардың дене қызуы өлшеніп, холлда санитайзерлер орнатылуы керек.
Қатысушыларды отырғызу кезінде әлеуметтік ара қашықтық ескеріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881734-kazakstanda-bir-aptada-koronavirustan-kansa-adam-kajtys-boldy/