Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ПТР тестке қатысты талап өзгерді: Ұшақ жолаушылары нені білуі тиіс

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейсін орындайтын компаниялардың ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктерді ұшақ бортына отырғызуына тыйым салынады деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу үшін құрылған ведомствоаралық комиссияның telegram арнасы.

ВАК хабарлауынша, бұл талап тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты. Ал өзге елдерден келетін Қазақстан азаматтары ПТР анықтамасы болмаса да, әуе рейстері арқылы елге кіре алады.

Дегенмен коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтамасы жоқ жолаушылар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

Ал ел ішіндегі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Еске сала кетсек, көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды өз әуе кемесіне отырғызатын авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтқан еді.

"ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама қағаз түрінде де, электронды түрде де жарамды. Анықтама берілген күннен бастап мемлекеттік шекарадан өткенге дейін 3 күннен аспайтын мерзімде жарамды", - деді Байғабылов.

Айта кетсек, Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты жағдай нашар елдермен әуе рейстерінің санын қысқартатынын хабарлаған едік.

Кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер саны қалай қысқаратынын түсіндіріп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881743-kazakstandyktardy-ue-rejsine-ptr-anyktamamen-otyrgyzu-turaly-zaa-sesim-sykty/

pixel