Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден келген азаматқа ПТР тест жасау үшін бюджеттен қанша ақша бөлінеді

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ОКҚ өткен онлайн брифингте шетелден ұшып келгендерге ПТР анықтама жасау үшін мемлекеттің қанша теңге жұмсайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ПТР тест үшін бюджеттен 10 мың теңге жұмсалады, бұл баға төмендегенше, баға төмендеген соң шамамен 8,5 мың теңге болады. Орналастыру (уақытша станционар орналасқан қонақ үйлер - ред.) жергілікті бюджет есебінен өтеледі", - деді Байғабылов.

Еске сала кетсек, Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты жағдай нашар елдермен әуе рейстерінің санын қысқартатынын хабарлаған едік.

Кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер саны қалай қысқаратынын түсіндіріп берген болатын.

Сондай-ақ 26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейсін орындайтын компаниялардың ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктерді ұшақ бортына отырғызуына тыйым салынады.

Ал бұған дейін көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды өз әуе кемесіне отырғызатын авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтқан еді.

"ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама қағаз түрінде де, электронды түрде де жарамды. Анықтама берілген күннен бастап мемлекеттік шекарадан өткенге дейін 3 күннен аспайтын мерзімде жарамды", - деді Байғабылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881765-setelden-kelgen-azamatka-ptr-test-zasau-sin-budzetten-kansa-aksa-blinedi/