Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

ОСК
Фото: sputnik.kz

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу туралы үндеу қабылданды.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие кез келген қазақстандық дауыс бере алады.

"Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз – сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың кепілі. Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды. Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады", - делінген үндеуде.

Әрбір қазақстандық сайлау күні белгіленген кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне 10 желтоқсанға дейін жазбаша өтінішпен жүгіне алады. 

"26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз жайлы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі", - деді сайлау комитеті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысы шыққанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881767-ortalyk-sajlau-komissiasy-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/

pixel