RU

Екінші тоқсанда елімізде 1,2 млн оқушы мектепке барып оқитын болды

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылар санының артатынын айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

  • қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;
  • дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

- 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Ал қазіргі таңда Қазақстанда 3,4 миллион бала білім алып жатыр: қашықтан оқыту форматында – 2,4 миллион; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарға (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепке 306 мың оқушы барып жүр.

Еске сала кетсек, кеше, 26 қазанда премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Жиын барысында комиссия мектептегі оқыту және театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты шешім қабылдады.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге дейінгі қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшеді.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясы балалар үшін несімен қауіпті екені белгілі болды. Жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова корнавирустың балаға тигізетін зардаптары туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881769-ekinsi-toksanda-elimizde-12-mln-okusy-mektepke-baryp-okityn-boldy/