Павлодарда балалар алаңында кісі өлтірген күдікті ұсталды
Опубликовано:

Павлодарда тәртіп сақшылары балалар алаңқайында адам өлтірген 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұған дейін де сотты болған. Қазір ол қамауда отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство ресми сауалға жауап беріп, күдіктінің табылғанын айтты. Кісі өлтіру және автокөлік ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.
Қылмыс жасалар түні ер адам Павлодардағы Мира көшесіндегі үйдің ауласында тұрғын көлікті ұрлап кеткені белгілі болды.
"Ұрланған автокөлік анықталып, жәбірленушіге қолхатпен берілген. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр", - деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Күдікті кісі өлтіргені үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу жалғасуда.
Еске сала кетсек, Павлодарда ер адам суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастағанын жазған болатынбыз.
Полицияның хабарлауынша, Павлодар тұрғыны көршісінен өзінің ұялы телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Мас көршісі суретті тегін түсіруден бас тартып, өз қызметі үшін бір бөтелке арақ сұраған.
Жай ғана өтініш осылайша түсініксіз дауға ұласқан. Жанжал кезінде ер адм көршісін ұрып жіберген. Жәбірленушінің ауруханаға жатқызылған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Сондай-ақ Павлодарда такси жүргізушісі адам өлтіргені үшін 18 жылға сотталғанын хабарлаған едік.
Сотталушының адвокаты оның қорғаушысына қатысты іс ойдан шығарылған деп сендіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881780-pavlodarda-balalar-alaynda-kisi-ltirgen-kdikti-staldy/