RU

Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкер сотталды

Судья
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы пара алғаны үшін айыпты деп танылып, сотталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылса, пара беруші кәсіпкер 2,5 жылға қоныс колониясына сотталған.

"Сот Бекімбетовке қарасты істі қарап, Бекімбетовті банкрот басқарушысы Ережеповтен 300 мың теңге көлемде айтарлықтай пара алғаны жөнінде оны кінәлі деп тапты. Ал Ережеповты Бекімбетовке 300 мың теңге, айтарлықтай параны бергені үшін оны пара бергені үшін кінәлі деп, сот үкімі шықты", - дейді Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков.

30 жыл бойы сот саласында жұмыс істеп келген Түгел Бекімбетов биыл сәуірде парамен ұсталған. Кәсіпкер Ережепов өз фирмасын банкрот деп шешім шығару үшін судьяға 300 мың теңге ауызбастырық беріп жатқан жерінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлеріне ұсталып қалған.

Судья да, кәсіпкер де тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Сол себепті, енді екеуі де жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс.

Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодарда балалар алаңында кісі өлтірген күдікті ұсталғанын жазған едік. Ер адам бұған дейін де сотты болған. Қазір ол қамауда отыр

Одан бөлек, Жамбыл облысында жалған дипломмен екі жыл сабақ берген "ұстаз" сотталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881810-trkistan-oblysynda-paramen-stalgan-suda-men-ksipker-sottaldy/