RU

Елімізде өткен тәулікте тағы 148 адам коронавирус жұқтырды

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 148 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 24

Алматы қаласы - 9

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 8

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 13

Атырау облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 24

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 8

Қарағанды облысы - 12

Қостанай облысы - 7

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 14

Солтүстік Қазақстан облысы - 12.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110832.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғыны Нина Савчукты бірнеше рет ауруханаға жатқызудан бас тартқанын хабарлаған едік.. Егде жастағы тұрғынды онда қан аралас жөтел пайда болғанда ғана ауруханаға жеткізген. Әжейдің туыстары аймақта егде жастағы адамдарды ауруханаларға жатқызбау туралы жазылмаған ереже бар екеніне сенімді. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Мұндай шешім өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталуына байланысты қабылданды.

Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 27 қазаннан бастап тұрғындарға көшеде еркін жүріп-тұруға рұқсат берілген. Бұған дейін жұртқа түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүруге тыйым салынған еді.

Сондай-ақ, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына сағат түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бильярд, кальян, компьютер және түнгі клубтарды қоспағанда, өзге ойын-сауық орталықтары мерекеде және жексенбіден басқа күндері ашық болады. Мал базарларына жұмыс істеуіне де рұқсат беріліп отыр. Базар іші сыйымдылығына қарай 50 пайыздан артық толмауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881820-elimizde-tken-tulikte-tagy-148-adam-koronavirus-zktyrdy/