RU

Телефон аралас палау: Қызылордада айыпталушыға оғаш тағам әкелінген

Палау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу оқшаулағышында қамауда отырған танысына сәлем-сауқатын алып келген Қызылорданың жергілікті тұрғыны тағамның көмегімен айыпталушыға ұялы телефон жеткізбек болған жерінен қолға түсті.

"Жергілікті тұрғын палау ішіне ұялы телефонды салып, қазақстандық ұялы байланыс сим-карталары мен 2 дана қуаттағышы бар құрылғыны өткізбек болған. Оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалды. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды", - дейді Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.

Еске салсақ, бұған дейін біз пара алу жағынан еліміздің қай өңірі көш басында тұрғанын жазған едік.Ranking.kz порталы жариялаған биылғы тізімнен жемқорларды жүздеп емес мыңдап санауға болады.

Одан бөлек, Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкер сотталғанын жазған болатынбыз.Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында қатаң шараларға қарамастан, азаматтар той жасауын тоқтатпай жатқанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881825-telefon-aralas-palau-kyzylordada-ajyptalusyga-ogas-tagam-kelingen/