RU

"АлиЭкспресстен бе": Қызылорда тұрғындары Абайдың муралын сынға алды (видео)

Абай муралы
Фото: NUR.KZ

Қызылорда тұрғындары ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың суреті салынған муралды сынап тастады. Қала әкімдігі аталған жағдайды түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлы ағартушының бейнесі дөрекі болып шыққан. Ақын Абай даңғылы мен Мұратбаев көшесінің қиылысында қызылордалықтардың қарбалас тіршілігін қатаң бақылап тұрғандай көрінеді.

Жергілікті тұрғын Рустам Маушевтің сөзінше, Абай муралы салынған соң осы мәселені көтергісі келген. Енді жазба оның Facebook парақшасында пайда болды.

"Бұл туындыны көргенде жергілікті суретші Дәулетбек Ділдәбекпен байланыстым. Себебі, ол осындай қызмет ұсынатын, муралдар жөнінде мәселе көтерген және оны салуы мүмкін қаладағы жалғыз суретші еді", - деді ол.

Суретші Рустамға әкімдікке ұсынған эскиздерді жіберген. Ал Дәулетбек Ділдәбек әкімдікпен бағамен келісе алмаған.

Қызылордалықтың жазуынша, нәтижесінде қала тұрғындары "АлиЭкспресстен тапсырыспен алынған Абайды" көріп отыр. Рустам интернеттен Қазақстанның басқа қалаларындағы Абай Құнанбаевтың муралдарын арнайы жүктеп алып, қызылордалық арт-нысан мен Дәулетбектің эскизін қосып арнайы бейнеролик жасаған.

Ол мұны жұмыстардың нәтижесін салыстыру үшін әзірлепті.

"Қараңыздар, оны қалай жасауға болар еді. Бұл тізімде тек ірі қалалар ғана емес, аудан орталықтары да бар. Бұл кішігірім қалашықтардың бюджеті біздің облыс орталығына қарағанда әлдеқайда аз деп ойлаймын", - деді Маушев.

Бұл туынды осы жылдың тамыз айында пайда болды.

Суретші Дәулетбек Ділдәбек NUR.KZ тілшісіне муралды 1,5 млн теңгеге салуды ұсынғанын айтты. Еңбекақының көп бөлігін арнайы бояу сатып алуға жұмсау жоспарланған болатын дейді ол.

Ал қала әкімдігі Абай Құнанбаевтың муралын жергілікті "Энерго-Ойл" компаниясы қызылордалықтарға сыйлық ретінде ұсынған мәлімдеді. Бюджеттен қаржы бөлінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881873-aliekspressten-be-kyzylorda-trgyndary-abajdy-muralyn-synga-aldy-video/