RU

БҚО-да шенеунікке қызметкерлеріне "дөрекілік танытты" деген айып тағылды

Гүлмира Сәрсенғалиева
Гүлмира Сәрсенғалиева. Фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысының әдеп жөніндегі кеңесі білім беру саласындағы сапа бақылауы бөлімінің бастығы Гүлмира Сәрсенғалиеваға қатысты тәртіптік істі қарады. Департамент қызметкерлері ұжымдық шағым жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері ұжым қызметкерлері өздерінің басшыларын мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзды деп айыптағанын атап өтті.

"Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал нашар. Департамент қызметкерлері басшысының дөрекілігіне, үнемі айқайлайтынына шағымданады. Жүргізуші Сәрсенғалиева қызметтік көлікті, демалыста болған кезде де жеке мақсатта пайдаланады деп жазды. Бірақ рейдтер кезінде бұл факт анықталмады", – деді БҚО әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Шенеуніктің өзі оған тағылған айыппен келіспейді. Ол мемлекеттік қызметте 26 жыл жұмыс істеп келе жатқанын мәлімдеді. Бөлім басшысы тағылған айыптар ешқандай жолмен расталмағанын атап өтті.

"Бұл көңілге қаяу салады. Қызметкерлер маған келмеді және шағымданбады. Ешқандай кеңестер болған жоқ. Мен өте талапшыл адаммын, өзіме және айналамдағыларға жоғары талаптар қоямын. Мен ешқашан адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтірген емеспін және жеке мақсатта көлікті пайдаланбағанмын. Барлық айыптау негізсіз. Хат-хабар алмасуларды топтан көруге болады", – деді Сәрсенғалиева.

Соған қарамастан, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері білім беру саласындағы сапаны бақылау бойынша бөлім басшысына қатаң сөгіс жариялауды ұсынды.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алпысбай Батихан қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері жұмыстан босатылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881889-bko-da-seneunikke-kyzmetkerlerine-drekilik-tanytty-degen-ajyp-tagyldy/