RU

Алматы тұрғыны ақша үшін досын жауыздықпен сабап өлтірген

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik Қырғызстан

Алматыда досын ақша үшін сабап өлтірген азаматқа үкім шықты деп хабарлайды zakon.kz.

Сотталушы ұрлық және жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулық зиян келтіру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"2019 жылдың қараша айында бұрын ауыр қылмысы үшін сотталған Х.жәбірленушімен спирттік ішімдіктер ішкен. Сотталушы мас күйінде, қалтасынан ақша таппай, ақшаның жоғалғанын анықтай бастаған және оны жәбірленушінің қалтасынан тауып алған.
Х.балағат сөз сөйлеп, С. - ны қорлай отырып, соңғысына іш, дене, бас, бет және көз аймағына көптеген соққылар жасаған. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды", - делінген Бостандық ауданының №2 аудандық сотының хабарламасында.

Кейіннен қылмыскер пәтерден тоңазытқыш ұрлап, жасырынып қалған.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында ер адам Каспий теңізінде інісімен бірге балық аулауға барған, бірақ бір сәтте қайық суға батып кеткен. Мәйітті судан шығарып алу үшін бір күн қажет болған.

Операцияға құтқарушылар, полиция қызметкерлері және әскери қызметкерлер қатысты. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, 66 жастағы ер адам судағы төтенше жағдайдан кейін Құлалы аралына жүзіп үлгерген. Ол оқиға туралы хабарлаған жерден метеорологиялық пост орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881907-almaty-trgyny-aksa-sin-dosyn-zauyzdykpen-sabap-ltirgen/