RU

Полиция Алматы облысында үш адамға пышақ салған ер азаматқа іздеу салды

Қылмыскер
Фото: polisia.kz

Алматы облысында тонау барысында дүкен қызметкерлеріне пышақ жарақатын салған күдікті іздестіріліп жатыр деп хабарлайды zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан ірі сауда орталықтарының бірінің қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінен Қарасай аудандық полицияcы кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада спорттық тауарлар дүкенінен киілетін заттарды ұрлаған ұрыларды ұстауға әрекет жасаған кезде күдіктілер аталған дүкеннің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы айтылған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық шабуыл" және "Бөтен мүлікті ұрлау"бойынша СДТБТ-де тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындаған қылмыскерлердің бірі, 19 жастағы студентті ұстаған.

"Екінші қарулы қарақшыны іздеу жалғасуда. Ол - 25 жастағы Оканов Дидарбек Әсембекұлы, Катон-Қарағай ауданының (ШҚО) тумасы, тонаушыларды ұстауға тырысқан үш ер адамға пышақ жарақатын салған. Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білгендер болса, Талдықорған қаласы полициясының 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз", - делінген полицияда.

Еске сала кетейік, Алматыда досын ақша үшін сабап өлтірген азаматқа үкім шықты.

Ал Алматы облысында тұратын Давыдовтар отбасы бір жылдан бері өз баламызды жерледік пе, жоқ па деген сұраққа жауап таппай жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881931-policia-almaty-oblysynda-s-adamga-pysak-salgan-er-azamatka-izdeu-saldy/