Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында демалыс күндері кафелер мен сауда орталықтары жұмыс істемейді

Опубликовано:

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында 29 қазан таңғы 7:00-ден бастап карантин күшейтіледі. Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құжатта жарлықтың режимі мен ұзақтығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін екендігі айтылған.

Өңірде барлық бассейндер жабылады. Бұрынғыша 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу қойылады.

Демалыс және мереке күндері аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жүмыс істемейді.

Сондай-ақ демалыс күндері қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, кафелер, асханалар) тек жеткзіп беру үшін жұмыс істей алады.

Ал жұмыс күндері СОСО 22.00-ге дейін, базарлар таңғы 10.00 мен 17.00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Жарлықтың толық мәтінімен осы жерде танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ 22 қазаннан бастап Оралда қосымша карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

Ал 24 қазаннан бастап Балқашта карантин күшейді. Қалада қоғамдық көлік қызметінің жұмысы мен жеке көлікте жүруге шектеулер қойылған.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандар саны 110 832-ге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881978-almaty-oblysynda-demalys-knderi-kafeler-men-sauda-ortalyktary-zmys-istemejdi/

pixel