Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

студентка на уроке
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алатынын хабарлады. Бұл туралы ведомство Facebook-тегі парақшасында жазды.

БҒМ мәліметінше, жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізген.

Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда (қайтарып алынған) немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл студенттердің оқуын жалғастыру үшін жасалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, жыл бойы академияда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, білім беру саласындағы өрескел бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, оқу процесі профессорлық-оқытушылық құраммен, өндірістік практика базаларымен, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген.

Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына толық сәйкес келмеген бұл түлектердің жұмысқа орналасуына да әсер еткен.

Сонымен қатар Шымкенттегі А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің лицензиясынан айырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881984-licenziasynan-ajyrylgan-universitet-studentteri-ne-istejdi-ministrlik-zauap-berdi/