Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде 29-31 қазан аралығында күн ашық болады. Тек шығыста, солтүстік пен орталықта, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады.

Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын мол түсуі мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сонымен қатар осы үш күнде бүкіл республика аумағына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді, нәтижесінде ауа температурасы көтеріледі.

Еске сала кетсек, елордада 25 қазанда қалың қар жауып, тазалау жұмыстарына арнайы техникалар мен жүздеген адам жұмылдырылған еді.

Сонымен қатар еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының өзгеруіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берген болатын.

Министрлік күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа райы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынды.

Сондай-ақ синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжады.

Мамандардың болжамынша, жалпы 2020-2021 жылдары қыс жылы және жауын-шашын көп түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881988-aldagy-s-knde-elimizdi-basym-bliginde-kn-zyly-bolady/

pixel