Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақалпақстанда аспаннан құлаған темір шар тұрғындарды таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Қарақалпақстанда аспаннан беглісіз зат құлады
Фото: uz.sputniknews

Қарақалпақстанда аспаннан темір шар құлады. Мұндай ақпаратты жергілікті Мойнақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растаған деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Куәгерлердің сөзінше, алдымен көктен бірнеше жарылыс дыбысы естіліп, содан кейін металлға ұқсас заттан жасалған шар жерге құлаған.

"Мен қатты жарылыстың дауысы естілген тұсқа көз салғанымда, бір нәрсе жылт етіп, жерге құлағанын көрдім. Шар сияқты дөңгелек зат алғашқы кезде өте ыстық болды", – дейді куәгерлердің бірі.

Металлға ұқсас заттан жасалған домалақ шардың бір жағы ішке қарай майысқан.

Жергілікті тұрғындардың бірі баласына құлаған затты суретке түсіріп алуын айтқаннан кейін фото желіде тарап кеткен.

Мамандар оқиғаның анық-қанығын тексеретін болады.

Еске сала кетсек, биыл 11 қаңтарда Ақтөбе облысында аспаннан белгісіз металл бөлшектің құлағаны хабарланған. Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтайтынын мәлім еткен еді.

Кейінірек, ведомство Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран екені анықталғанын айтты.

Айта кетейік, Швейцарияның Ольтен қаласында аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881990-karakalpakstanda-aspannan-temir-sar-klady-foto/

pixel