Қара бұрыш коронавирустан қорғай ма: Мамандар жауап берді
Опубликовано:

Желіде қара бұрыш коронавирусты жұқтырудан қорғайды және оны тиімді алдын алу шарасы ретінде қолдануға болады деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды деп хабарлайды stopfake.kz.
Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай жаңалықты үнді технологиялық институтының ғалымдары ашқан.
Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастық үнді мамандарының тұжырымдарын қолдаған жоқ. ДДСҰ сайтында қара бұрыш SARS-CoV-2 вирусы жасушаларын тоқтата алады деген мәлімдеме ресми жоққа шығарылды.
"Әрине, тағамға қосқанда ащы бұрыш гастрономиялық артықшылықтарға ие, бірақ COVID-19-дың алдын алмайды және емдемейді", – делінген ДДСҰ ресми интернет-платформасында.
ДДСҰ сарапшылары коронавирус кезінде ғана емес, сонымен қатар басқа да вирустық аурулардың алдын алудың ең жақсы шаралары теңдестірілген тамақтану, көп су ішу, физикалық белсенділік және дұрыс ұйқы болып табылатынын ескертеді.
COVID-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу, жиі қол жуу және санитайзерлерді қолдану ұсынылады.
Сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу керек. Созылмалы аурулары бар және 65 жастан асқан адамдарға қажетсіз үйден шықпауға кеңес беріледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін қара бұрыш адамның коронавирус жұқтыру мен ағзасында вирус таралуды төмендететіні хабарланған болатын. Үндістанның технологиялық институтының ғалымдары осындай шешімге келген еді.
Сонымен қатар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) алғаш рет коронавирусты емдеуге арналған препаратты тіркеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881992-kara-brys-koronavirustan-korgaj-ma-mamandar-zauap-berdi/