RU

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімі COVID-19 салдарынан азаматтарды қабылдауды тоқтатты

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылдың 2-қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімі төтенше және шұғыл жағдайға қатысты Қазақстан азаматтарының өтініштерінен басқа барлық консулдық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

Азаматтарды қабылдауды тоқтату шарасы COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты қолданылған.

"COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне және келушілер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне орай, 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің Консулдық бөлімі төтенше және шұғыл жағдайға қатысты ҚР азаматтарының өтініштерінен басқа барлық консулдық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады" , - делінген елшіліктің хабарламасында.

Консулдық бөлім шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-17 "жедел желі" телефонына қоңырау шалуға болатынын мәлімдеді.

Басқа сұрақтарды Consularkz_bot телеграм ботына немесе consul.moscow@mfa.kz поштасына жолдау керек.

2 қарашадан бастап онлайн түрде жазылған азаматтардың өтініштері қабылдауды жаңартудан кейін басымдықпен қабылдау тәртібімен қарастырылады.

Келушілерді қабылдауды қайта бастау күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық студенттер Ресейдегі оқуға кете алмай жатқанын хабарлаған болатынбыз. Ресейде Қазақстанның 10 мыңнан аса студенті білім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881999-kazakstanny-mskeudegi-elsiligini-konsuldyk-blimi-covid-19-saldarynan-azamattardy-kabyldaudy-toktatty/