RU

Сағынтаев Алматыда коронавирус жұқтырғандар санының өсу себебін атады

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус жұқтырған науқастар санының өсу себебін атады. Бұл туралы ол "Алматы" телеарнасының тікелей кезінде айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің сөзінше, бүгінде стационарлық емде 153 науқас жатыр. Олардың 38-і ауыр жағдайда. 121 азамат үй жағдайында емделуде, 41-і симптомсыз науқастар.

Шаһар басшысы жұқтыру санының өсуін түрлі себептермен байланыстырды. Оған тыйым салынғанға қарамастан ұйымдастырылып жатқан шаралар мен шетелден келген жолаушылар себеп болуы мүмкін.

Оның үстіне әкім алтыншы қазаннан бастап, қалаға 25992 жолаушысы бар 192 рейс келгенін хабарлады. Олардың 5445-сі коронавирусты жұқтырмағанын растайтын ПТР анықтамасыз келген.

Сол азаматтардың 34-інен COVID-19 анықталған. Олардың тоғызы Түркиядан, алтысы Әмірліктен, төртеуі Мысырдан және бір адам Беларусьтен оралған.

"Бірақ, қазі тәртіп өзгерді. Егер бұған дейін ҚР азаматтарына ұшақ бортына анықтамасыз шығуға рұқсат болса, бүгін барлық жолаушыларда КВИ жоқ екенін растайтын ПТР тесті қолында болу міндеттелген. Енді біз шетелден келген жолаушылар арқылы вирус "импортын" сырттан қабылдамайтын боламыз" , - деді Сағынтаев.

Оның сөзінше, Алматыда коронавирус жұқтыру деректері көбейе түсті. Егер қазан басында үш-төрт оқиға тіркелсе, қазірде оннан кем емес. Бір күнде 12 және 40 деректер анықталған кездер де болған.

"Екінші толқынды сәтті өтіп кетеміз деген қате пікір. Сол себепті, маскалық режим мен арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармау керек. Ауқымды шараларды ұйымдастырмаған жөн. Қазір не көп? Құдалық пен той жасап жатыр" , - деді шаһар басшысы.

Бүгінгі күні қалада КВИ-дің 14 681 дерегі тіркелді. Пандемия басынан қазіргі таңда науқастардың 96,7% жазылып шықты. 283 адам вирус құрбаны болды. Бірінші тамыздан бастап, 1700 адам пневмонияны жұқтырып алды.

Еске сала кетейік, Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайға байланысты демалыс күндері кафелер мен сауда орталықтары жұмыс істемейтінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882001-sagyntaev-almatyda-koronavirus-zktyrgandar-sanyny-su-sebebin-atady/