Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 17 жастағы бойжеткен тауда аяғын жарақаттап алды

Опубликовано:

Аяғын жарақаттаған қызды құтқару операциясы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, 17 жастағы бойжеткен Медеу ауданындағы Мыңжылқы үстіртіндегі метеостанцияға жақын орналасқан жерде теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте болған.

Анықталғандай, кәмелетке толмаған ару аяғын жарақаттап алып, өздігінен жүре алмаған.

Аяғын жарақаттаған қызды құтқару операциясы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Белгілі болғандай, қыз құлап, тізесін жарақаттаған.

Оқиға орнында республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Аяғын жарақаттаған қызды құтқару операциясы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Аяғын жарақаттаған қызды құтқару операциясы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында жоғалған ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Маңғыстау облысында ер адам Каспий теңізінде інісімен бірге балық аулауға барған, бірақ бір сәтте қайық суға батып кеткен. Мәйітті судан шығарып алу үшін бір күн қажет болды.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 64 жастағы ер адамның денесі судан шығарылды. Операцияға құтқарушылар, полиция қызметкерлері және әскери қызметкерлер қатысты.

Биылғы жылы облыста 9 адам, оның ішінде бір жасөспірім судағы апаттың құрбаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882006-almatyda-17-zastagy-bojzetken-tauda-aagyn-zarakattap-aldy/

pixel