Қазақстанда "ән салатын" жол пайда болды (видео)
Опубликовано:

"Нұр-Сұлтан – Щучинск" тас жолында музыкалық дыбыс жолақтары орнатылды деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
Еліміздегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында "ҚазАвтоЖол" АҚ шетелдік (Германия, Корея, АҚШ, Жапония, т.б.) тәжірибелерге сүйене отырып Нұр-Сұлтан-Щучинск ақылы учаскесінде "музыкалық жолақтар" пилоттық жобасын енгізген.
Жобаның мақсаты – көлік апатының қаупі бар учаскелерде қозғалыс жылдамдығын төмендету.
Яғни автокөлік сағатына 90 шақырым жылдамдықпен қозғалған кезде дыбыс жолақтарының үні өзгеріп, жүргізушінің көңілін аударып, жылдамдықты азайтуға себепші болады.
Әуен көлік дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған дыбыс жолақтары жанасқан кезде естіледі.
Айта кетейік, бұл технология елімізде алғаш рет қолданылуда.
"ҚазАвтоЖол"АҚ "музыкалық жолақтарды" Қазақстанның өзге жолдарында да орнатуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін "ҚазАвтоЖол"АҚ 2020 жылы ақылы болатын жолдармен жаңа режимге ауысуы үшін жасалып жатқан жұмыстардың аяқталу мерзімін атаған еді.
Компания басшысының айтуынша, "Шымкент-Ташкент", "Қапшағай-Талдықорған" жол бөлігі, сондай-ақ елордадан Павлодарға дейінгі және Павлодардан Омбыға дейінгі жол бөліктері. Еліміздің батысында "Атырау-Ақтау", "Бейнеу-Ақжайық", "Ақтөбе-Орал", "Орал-Тасқала" және "Орал-Самара" жолдары ақылы болмақ. Маманның сөзінше, жыл соңына дейін барлық жөндеу жол жөндеу жұмыстары аяқталып, содан соң төлем қабылдау жүйесі орнатылмақ.
Сонымен қатар компания ақылы учаскелер бойынша түскен кірістерді айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882016-kazakstanda-n-salatyn-zol-pajda-boldy-video/