Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Бетперде3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 268 адам тіркелген. Олардың тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды coronavirus2020.kz ресми сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 33

Алматы қаласы - 12

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 10

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 5

Атырау облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 139

Жамбыл облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 9

Қарағанды облысы - 10

Қостанай облысы - 7

Қызылорда облысы - 6

Павлодар облысы - 12

Солтүстік Қазақстан облысы - 13

Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11 1100-ға жеткен.

Сонымен қатар өткен тәулікте COVID-19-дан 176 адам жазылып шыққан. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында.

Айта кетейік, бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья президентке коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндаған еді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус жұқтырғандар санының өсу себебін атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882027-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-sany-krt-sti/

pixel