Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Көше автокөліктер
Көрнекі фото: piqsels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне көктайғақ болатынын ескертіп, жолда мұқият болуға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, бүгін, 29 қазанда еліміздің бірнеше облысында жаңбыр мен қарға байланысты көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына ауа райының бұзылуы туралы ескертілген.

ТЖМ көктайғақтың салдарынан жол-көлік апаттарының көбеюі мүмкін екенін де атап өтті.

Сондықтан көлік жүргізушілеріне жолда мұқият болып, жылдамдықты төмендетіп, абай болуға кеңес берді.

Сонымен қатар ведомство жаяу жүргіншілерге де мұқият болу керектігін, өйткені тайғақ жол сынықтар мен дене жарақаттарына себеп болуы мүмкін екенін де еске салды.

Сондай -ақ ТЖМ жаяу жүргіншілерге табаны тайғақ емес аяқкиім киюге кеңес берді және жолдан өту кезінде сақ болуға шақырды. Асығып, көлік жолын жүгіре кесіп өтудің қажеті жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының өзгеруіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берген болатын.

Ал синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде 29-31 қазан аралығында күн ашық болады. Тек шығыста, солтүстік пен орталықта, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882079-tzm-kazakstandyk-klik-zrgizusilerine-ndeu-zasady/