17 жастағы ақсулық қыз жігітімен бірге Таразға қашып кеткен
Опубликовано:

Павлодар облысы Ақсу қаласында 17 жастағы қыз интернет арқылы танысқан жігітімен бірге Таразға қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақсулықтың ата-анасы қыздары үйге оралмаған соң полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары оны іздеуге кірісіп, іске еріктілер де тартылған.
Ведомствоның хабарлауынша, қыздың барлық жақындары мен туыстарынан жауап алынып, полицейлер таксистермен де сөйлескен. Алайда оның қайда екенін анықтау үшін ақпарат жеткіліксіз болған.
Осылайша тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі хаттарды тексеріп, қыздың жас жігітпен сөйлесіп жүргенін анықтаған.
Бойжеткен жігітпен танысып, қарым-қатынастары жақсы болған. Кейінірек, жігіт сүйіктісіне келіп, екеуі бірге Таразға кетіп қалған.
Қыз кәмелет жасына толмағандықтан оны ата-анасы ғана алып кете алады. Полицейлердің ақпарынша, бойжеткен бұған дейін де өз еркімен үйінен бірнеше рет қашып кеткен.
Еске сала кетсек, Павлодарда балалар алаңында адам өлтірді деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік. Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 30 жастағы жігітті қамауға алған.
Сонымен қатар Павлодарда ер адам суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастағанын жазған болатынбыз.
Полицияның хабарлауынша, Павлодар тұрғыны көршісінен өзінің ұялы телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Мас көршісі суретті тегін түсіруден бас тартып, өз қызметі үшін бір бөтелке арақ сұраған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882119-17-zastagy-aksulyk-kyz-zigitimen-birge-tarazga-kasyp-ketken/